Бұл жеке ақпарат туралы мәлімдеме дерек жинайтын және осы шарттарға бағынатын Microsoft тораптары, қызметтері және өнімдеріне, сондай-ақ желіден тыс өнімдерді қолдау қызметтеріне қатысты. Бұл мәлімдемені көрсетпейтін және сілтемені қолданбайтын немесе жеке ақпарат туралы өз мәлімдемесі бар Microsoft тораптары, қызметтері мен өнімдеріне қатысты емес
Төмендегі қорытындыны оқып, жеке тақырыптар туралы толығырақ ақпаратты "Толығырақ" бөлімінен қараңыз. Жоғарыда берілген тізімнен өнімдердің жеке ақпарат туралы мәлімдемелерін қарауыңызға болады. Бұл мәлімдемеде көрсетілген өнімдер, қызметтер немесе ерекшеілктері барлық маркетте қол жетімді болмауы мүмкін. Microsoft компаниясының сіздің жеке ақпаратыңызды қорғау саясаты туралы толығырақ ақпаратты мына тораптан қарауыңызға болады: http://www.microsoft.com/privacy.
Көптеген Microsoft тораптары "кукилер" қолданады, бұлар - сіздің қатты драйвыңызға куки қойған аяда веб серверлер оқи алатын шағын мәтін файлдары. Біз кукилерді сіздің қалауларыңыз бен реттеулеріңізді сақтау, тіркелуге көмек, мақсатталған жарнама жабдықтау және торап жұмысын сараптау үшін қолданамыз.
Кукилерді және сараптамалық құралдарды жеткізу үшін біз веб бикондарын қолданамыз. Бұған үшінші жақ веб бикондары жатуы мүмкін, бірақ оларға сіз туралы ақпарат жинауға тиым салынған.
Кукилер және оған ұқсас технологияларды басқару үшін көптеген аспаптарды қолдануға болады:
Cookie файлдарын пайдалану
Көптеген Microsoft веб тораптары сіздің қатты дискіңізге веб сервер арқылы қойылған "куки" деп аталатын шағын мәтін файлдарын қолданады. Кукилерде сол кукиді сізге жіберген веб сервері аясы оқи алатын мәтіндер болады. Мәтін сандар мен әріптер қатарынан тұрады, олар сіздің компьютеріңізбен жақсы таныс болады, басқа ақпарат тасымалдауы да мүмкін. Мынау веб-тораптарымыздың біреуіне кірген кезде Microsoft корпорациясы қатты дискіге орналастыруы мүмкін cookie файлында сақталатын мәтіннің мысалы: E3732CA7E319442F97EA48A170C99801
Cookie файлдарын мына мақсаттарға пайдалана аламыз:
Жиі пайдаланылатын кейбір cookie файлдары мына диаграммада көрсетілген. Бұл тізім түпкілікті емес, бірақ ол cookie файлдарын орнатуымыздың кейбір себептерін көрсетуге арналған. Егер веб-тораптарымыздың біреуіне кірсеңіз, торап мына cookie файлдарының кейбіреуін немесе бәрін орнатуы мүмкін:
Microsoft тораптарын қолданғанда Microsoft қолданатын кукилерге қосымша, үшінші жақтар да сіздің қатты дискіңізіге куки орнатып қоюы мүмкін. Кейбір жағдайларда ол үшінші жақтарды қандай да бір қызмет көрсету үшін жалдаймыз, мысалы, тораптарды сараптау үшін. Кейбір жағдайларда, біздің парақтарымызда үшінші жақтың мамұны немесе жарнамасы болады, мысалы, бейне таспалар, жаңалықтар немесе басқа жарнама желілері қамтамасыз етеін жарнамалар. Сіздің браузеріңіз үшінші жақтың веб серверлерін мазмұн алу үшін қолданғандықтан, үшінші жақтың өздерінің кукилерін қою немесе қатты дискіден оқу мүмкіндіктері болады.
Cookie файлдарын басқару әдісі
Мысалы, Internet Explorer 9 нұсқасында кукилерді келесі қадамдарды орындап бөгеуге болады:
Өзге шолғыштарда cookies бұғаттау нұсқаулары http://www.allaboutcookies.org/manage-cookies/ ішінде қол жетімді.
Cookie файлдарын бұғаттауды таңдағанда, cookie файлдарына тәуелді Microsoft тораптары мен қызметтеріне кіре немесе өзге интерактивті мүмкіндіктерін пайдалана алмауыңыз мүмкін екенін ескеріңіз және cookie файлдарына тәуелді кейбір жарнамалау теңшелімдері ескерілмеуі мүмкін.
Мысалы, Internet Explorer 9 бағдарламасында мына қадамдарды орындап, cookie файлдарын өшіруге болады:
Өзге шолғыштарда cookies өшіру нұсқаулары http://www.allaboutcookies.org/manage-cookies/ ішінде қол жетімді.
Cookie файлдарын өшіруді таңдасаңыз, осы cookie файлдары басқаратын баптаулар және теңшелімдер өшіріледі және оларды қайта жасау қажет болуы мүмкін екенін ескеріңіз.
"Бақыламау" және бақылау қорғауы үшін шолғышты басқару тетіктері. Кейбір жаңа шолғыштарға "Бақыламау" мүмкіндіктері ендірілген. Қосулы кезде осы мүмкіндіктердің көбісі кірген веб-тораптарға бақылануды қаламайтыныңызды білдіретін сигналды немесе теңшелімді жібереді. Бұл тораптар (немесе тораптардағы үшінші тарап мазмұны) осы теңшелімді жеткізгеннің өзінде тораптардың құпиялылық әдістеріне қарай өзіңіз бақылау деп есептейтін әрекеттерге атсалыса беруі мүмкін.
Internet Explorer 9 және 10 бағдарламаларында кіретін веб-тораптардың кіруіңіз туралы деректерді үшінші тарап мазмұны жеткізушілеріне автоматты түрде жіберуін болдырмауға көмектесетін Бақылау қорғауы деп аталатын мүмкіндік бар. Бақылау қорғауы тізімін қосқан кезде Internet Explorer бағдарламасы бұғатталатын торап ретінде көрсетілген тораптан алынған үшінші тарап мазмұнын, соның ішінде cookie файлдарын бұғаттайды. Осы тораптарға шақыруларды шектеп, Internet Explorer бағдарламасы осы үшінші тарап тораптары сіз туралы жинауы мүмкін мәліметтерді шектейді. Ал Бақылау қорғауы тізімін қосқан кезде Internet Explorer бағдарламасы кірген веб-тораптарға Бақыламау сигналын немесе теңшелімін жібереді. Оған қоса, Internet Explorer 10 бағдарламасында қажет болғанда DNT сигналын бөлек "өшіруге" немесе "қосуға" болады. Бақылау қорғауының тізімдері және Бақыламау туралы қосымша ақпарат алу үшін Internet Explorer құпиялылық туралы мәлімдемесін немесе Internet Explorer анықтамасын қараңыз.
Жеке жарнама компаниялары да бас тарту мүмкіндіктерін, оған қоса жетілдірілген жарнама түрлерін ұсынады. Мысалы, Microsoft корпорациясының жарнамалау теңшелімі және бас тартуды басқару тетіктері http://choice.live.com/advertisementchoice/ ішінде қол жетімді. Есіңізде болсын, бас тарту жарнама тоқтайды немесе азырақ көрсетіледі дегенді білдірмейді, ол тек сіз бас тартқан жарнама екінші мәрте көрсетілмейді дегенді ғана білдіреді. Оған қоса, шығу мәліметтердің серверлерімізге жіберілуін тоқтатпайды, бірақ ол мінез-құлық жарнамалауы үшін пайдаланылуы мүмкін профайлдар жасауды немесе жаңартуды тоқтатады.
Веб-сигналдарды пайдалану
Microsoft веб-беттерінде тораптарда cookie файлдарын жеткізу, беттерге кірген пайдаланушылар санын есептеу және қосалқы брендті қызметтерді жеткізу үшін пайдаланылуы мүмкін кейде бір пиксельді GIF деп аталатын веб-сигналдар ретінде белгілі электрондық кескіндер болуы мүмкін. Біз бикондарды жарнамалық хаттарға немесе бюллетеньдерге хаттың оқылған оқылмағанын бақылау үшін қосамыз.
Біз әрі Microsoft торабындағы жарнамаға басудың жарнама беруші торабында сатып алуға немесе өзге әрекетке әкелу жиілігі туралы статистиканы жасақтау үшін тораптарында немесе жарнамаларында веб-сигналдар орналастыру үшін Microsoft тораптарында жарнама беретін өзге компаниялармен жұмыс істеуіміз мүмкін.
Microsoft тораптары үшінші жақтың бикондарын қолданып, біздің жарнамалық науқанның қаншалықьы тиімді екенін немесе басқа веб торап жұмысы туралы санақ жүргізуі мүмкін. Бұл веб бикондар үшінші жаққа сіздің компьютеріңізге кукилерді қою немесе бар кукилерді оқу мүмкіндіктерін береді. Үшінші жақ бикондарын біздің тораптарымызда қолданып, сіз туралы ақпарат жинауға тиым салынған. Дегенмен, дерек жинаудан немесе үшінші жақтың сарапатамалық науқанынан мына сілтемелерді қолданып шығып кетуіңізге болады:
Басқа ұқсас технологиялар
Стандартты кукилер мен бикондарға қосымша, веб тораптар сіздің компьютеріңізден дерек жинауға немесе оқуға басқа технологиялар да қолданады. Олар сіздің қалауыңызды орындау үшін немесе жылдамдық пен жұмыс барысын жақсарту үшін файлдарды жергілікті сақтау арқылы жасалады. Бірақ, стандартты кукилер сияқты, сіздің компьютеріңізге дара анықтағыш қойып, әрекеттерді бақылау үшін де қолданылады. Бұл технологияларға жергілікті бөлісу нысандары (немесе "Флэш кукилер") және күмісжарықты қосымша жад жатады.
Жергілікті бөлісу нысандары немесе "Флэш кукилер". Аdobe Flash технологияларын қолданатын веб тораптар сіздің компьютеріңізден деректер жинау үшін жергілікті бөлісу нысандарын немесе "Флэш кукилер" қолданады. Есіңізде болсын, Флэш кукилерді жою браузер реттеулері арқылы мүмкін немесе мүмкін болмауы ықтимал, ол браузерге байланысты болады. Флэш cookie файлдарын реттеу немесе бұғаттау үшін http://www.macromedia.com/support/documentation/en/flashplayer/help/settings_manager.html өтіңіз.
Күмісжарықты қосымша жад Microsoft Silverlight технологиялары қолданатын веб тораптар деректерді күмісжарықты қосымша жад арқылы жинайды. Осындай сақтау орнын реттеу немесе бұғаттау әдісін үйрену үшін Silverlight кіріңіз.
Тиімді әрекет ету үшін және сізге ең жақсы өнімдер мен қызметтерді ұсыну мақсатында, Microsoft әр алуан ақпарат жинайды.
Біз ақпаратты сіз тіркелгенде және біздің торабымыз мен қызметтерімізді қолданғанда жинаймыз. Біз басқа команиялардан да ақпарат аламыз.
Ақпарат жинаудың әр алуан жолдарын қолданамыз, веб әдістерін, мысалы, веб парақтарды, кукилер сияқты технологияларды, сіздің компьютеріңіздегі бағдарламаларды немесе құралдарды қоса қолданамыз.
Тиімді әрекет ету үшін және сізге ең жақсы өнімдер мен қызметтерді ұсыну мақсатында, Microsoft әр алуан ақпарат жинайды. Бұл ақпараттардың кейбіреуін сіз бізге тікелей бересіз. Кейбіреуін сіздің біздің өнімдеріміз және қызметтерімізді пайдалану әрекеттеріңізді бақылау арқылы жинаймыз. Кейбіреуін басқа көздерден алып, өзіміз жинаған деректерге қосамыз. Деректің қайдан алынғанына қарамастан, біз ақпаратты абайлап қолданып, сіздің жеке ақпаратыңызды дұрыс қолдануыңызға көмектесуді маңызды деп санаймыз.
Біз жинайтын ақпарат:
Ақпаратты жинау жолдары:
Біз сіздің біздің тораптарымыз бен қызметтерімізді қалай пайдаланатыңыз туралы ақпаратты бірнеше әдістер мен технологиялар қолданып жинаймыз, олар:
Microsoft жиналған ақпаратты біз ұсынатын өнімдер мен қызметтерді жақсару үшін, жекелендіру үшін қолданады.
Біз ақпаратты сізбен қарым-қатынас жасау үшін де қолдануымыз мүмкін.
Біз бұл ақпаратты сізге көрсетілетін жарнама сіз үшін пайдалы болу үшін қолдануымыз мүмкін.
Microsoft жиналған ақпаратты біз ұсынатын өнімдер мен қызметтерді жақсару үшін, жекелендіру үшін қолданады. Microsoft қызметі арқылы жиналған ақпарат басқа Microsoft қызметтері арқылы жиналған ақпаратпен жинақталып, сізге тұрақты және жекешеленген ақпарат қамтамасыз ету жолында қызмет етед. Бұл ақпаратты басқа компаниялар толықтыруы мүмкін. Мысалы, басқа компаниялар сіздің IP мекен-жайыңыз арқылы жағрапиялық орныңызды анықтап, кейбір қызметтерді сізге оңтайластырып жеткізуі мүмкін.
Біз бұл ақпаратты сізге хабар жеткізу үшін, мысалы, жазылу мерзімінің аяқталуын ескерту, қауіпсіздік жаңартуларын ұсыну, шотыңызды белсенді сақтау үшін не істеу қажет екенін жеткізу үшін қолданамыз.
Microsoft тораптары мен қызметтерінің тегін ұсынылатын себебі, бізді жарнамалау компаниялары қолдайды. Бұл қызметтерді кеңінен қолдану үшін, біз жинайтын ақпарат сізге арналған жарнаманың сізге пайдалы болуын жақсартуды көздейді.
Осы жеке ақпарат туралы мәлімдемеде көрсетілгеннен басқа, сіздің рұқсатыңызсыз сіз туралы ақпарат үшінші жаққа жарияланбайды.
Ақпаратты жариялаудың басқа себептері туралы толығырақ ақпаратты, Microsoft филиалдары мен сатушыларын қоса, заң бойынша талап етілгенде немесе соттық іске жауап ретінде, алаяқтықпен күресу немесе өз мүддемізді немесе өмірімізді қорғау үшін қолдану туралы Жеке ақпарат туралы басқа маңызды ақпарат құжатынан қараңыз.
Жеке ақпаратты бөлісу немесе жариялау туралы толығырақ ақпаратты көру үшін мына жерге басыңыз:
Кейбір Microsoft қызметтері ғаламтордағы өзіңіз туралы жеке ақпаратты шолу немесе жөндеу мүмкіндігін ұсынады. Сіз туралы жеке ақпаратты басқалардың көруінен қорғау мақсатында сізге алдымен тіркелу қажет болады. Өзіңіз туралы жеке ақпаратқа қол жетімділік жолдары қолданылған сайттар мен қызметтерге байланысты болады.
Microsoft.com - Сіз microsoft.com торабындағы деректер парақшаңызға Microsoft.com деректер орталығы арқылы қол жеткізіп, жаңартуыңызға болады.
Microsoft төлем және шот қызметтері - егер төлем шотыңыз болса, ақпаратыңызды Microsoft Төлем веб торабынан "Жеке ақпарат" немесе "Төлем туралы ақпарат" сілтемелерін басу арқылы жаңартуыңызға болады.
Microsoft Connect - егер Microsoft Connect торабының тіркелген қолданушысы болсаңыз, Microsoft Connect торабындағы ақпаратыңызға қол жеткізіп, жаңарту үшін Connect деректер парақшасын жөндеу тармағын басыңыз.
Windows Live - егер Windows Live қызметтерін қолдансаңыз, Windows Live торабындағы Шот қызметтері тармағы арқылы жеке ақпаратыңызды жаңартып, кілтсөзіңізді өзгертуге және сенімді қолданушы мәртебеңізді растауға қатысты дара анықтағышыңызды көруге немесе тіркелген қызметтерді жабуға болады.
Windows Live ашық деректер - егер Windows Live торабындағы деректеріңіз ашық болса, оларды Windows Live деректер тармағы арқылы өзгертуіңізге немесе жоюыңызға болады.
Search жарнамалау қызметі - егер іздеу жарнамасын Microsoft жарнамалау қызметі арқылы сатып алсаңыз, жеке ақпаратыңызды Microsoft adCenter веб торабы арқылы қарап, өзгертуіңізге болады.
Microsoft серіктестік бағдарламалары - егер Microsoft серіктестік бағдарламалары арқылы тіркелсеңіз, деректер парақшасын серіктестік бағдарламарының веб торабындағы Шотыңызды басқару арқылы қарап, өзгертуіңізге болады.
Xbox - егер Xbox LIVE немесе Xbox.com тораптарының қолданушысы болсаңыз, жеке ақпаратыңызды, төлем және шот ақпаратын, жекелік реттеулерін, ғаламтор қауіпсіздігі мен деректер бөлісу реттеулерін қоса, Xbox 360 құралы немесе Хbox.com веб торабындағы Менің Xbox-ым арқылы қарап, өзгертуге болады. Шот ақпараты үшін менің Xbox-ым, Шоттар тармақтарын таңдаңыз. Басқа жеке ақпараттарды реттеу үшін, менің Xbox-ым, одан кейін деректер парақшасын және ғаламтар қауіпсіздігі реттеулерін таңдаңыз.
Zune - Егер Zune шотыңыз болса немесе Zune Pass қызметіне тіркелген болсаңыз, жеке ақпаратыңызды Zune.net (тіркеліңіз, Zune таңбасын, одан кейін менің шотым тармақтарын басыңыз) немесе Zune компьтерлік бағдарламасы арқылы (тіркеліңіз, Zune таңбасын, одан кейін Zune.net парақшасын басыңыз) қарап, өзгертуіңізге болады.
Егер Microsoft тораптары немесе қызметттері жинаған жеке деректеріңіз жоғарыдағы сілтемелер арқылы қол жетімсіз болса, мына тораптар мен қызметтер басқа жолдарын ұсынады. Microsoft қызметкерлерімен веб формасы арқылы хабарласыңыз. Біз сіздің деректеріңізге қол жеткізу немесе оларды жою туралы өтінішіңізге 30 күн аралығында жауап береміз.
Microsoft торабы немесе қызметі жас туралы ақпарат жинағанда, олар 13 жастан кіші қолданушыларды бөгеп тастайды немесе баланың ата анасынан немесе басқа жауапты адамнан рұқсат алады.
Рұсқат берілсе, баланың шоты басқалардың шотымен бірдей дәрежеде қоланылады, олардың басқа қолданышулармен байланысқа шығу мүмкіндігі де болады.
Осы жеке ақпарат туралы мәлімдемеде көрсетілгендей, ата-аналарға рұқсатын қайтарып алуға болады.
Microsoft торабы немесе қызметі жас туралы ақпарат жинағанда, олар 13 жастан кіші қолданушыларды бөгеп тастайды немесе баланың ата анасынан немесе басқа жауапты адамнан рұқсат алуын өтінеді. Біз 13 жастан кіші балардан оладың жастарын біле тұра қызмет көрсетуге қажетті ақпараттан басқа ақпарат талап етпейміз.
Рұсқат берілсе, баланың шоты басқалардың шотымен бірдей дәрежеде қоланылады. Баланың электрондық пошта, тоқтаусыз хабар жіберу және желілік хабар жазу тақталары сияқты қарым-қатынас қызметтеріне қолы жетімді болады және барлық жастағы қолданушылармен еркін хабарласу мүмкіндігі болады.
Ата-аналар берген рұқсатын қайтарып алуына болады және балардың жеке ақпаратын тексеру, жөндеу мүмкіндігі немесе жоюды өтінуіне болады. Мысалы, Windows Live торабында ата-аналар баларардың шотына еніп, "Ата-ана рұқсаты" ашуына болады.
Microsoft тораптары мен қызметтеріндегі онлайын жарнамалар Microsoft жарнамалау қызметі арқылы көрсетіледі. Сізге онлайн жарнамалар көрсетілгенде, сіздің компьютеріңізді тану үшін, біз бір немесе бірнеше куки орнатуымыз қажет болады. Кейінірек жарнама көрсетілген тораптардан ақпарат жинап, жиналған деректерді ұқсас жарнамаларды көбірек жабдықтау мақсатында қолдануымыз мүмкін.
Microsoft жарнамалау қызметінің өнімдерін қабылдаудан бас тарту үшін, бас тарту парақшасын қолданыңыз.
Біздің көптеген тораптарымыз бен қызметтерміз жарнамалау арқылы қаржыланады.
Microsoft тораптары мен қызметтеріндегі онлайын жарнамалар Microsoft жарнамалау қызметі арқылы көрсетіледі. Сізге онлайн жарнамалар көрсетілгенде, әр жарнама кезінде сіздің компьютеріңізді тану үшін, біз бір немесе бірнеше куки орнатуымыз қажет болады. Біз өз веб тораптарымызда жарнама қолданғандықтан, біздің жарнамалық және баспа серіктестеріміз сияқты, біздің де сіз немесе сіздің компьютеріңізді қолданған басқа адамдар қараған парақтар, мазмұндар мен жарнамалар туралы ақпарат жинау мүмкіндігіміз бар. Бұл ақпараттар көптеген мақсаттарда қолданылады, мысалы, сіздің бір жарнаманы бірнеше мәртебе көрмеуіңізді қамтамасыз ету үшін қолданылуы мүмкін. Бұл ақпаратты біз сондай-ақ сіз қызығушылық танытатын жарнамаларды таңдау үшін қолданамыз.
Microsoft жарнамалау қызметінің өнімдерін қабылдаудан бас тарту үшін, бас тарту парақшасын қолданыңыз. Мicrosoft жарнамалау қызметі ақпаратты қалай жинап, қалай қолданатыны туралы толығырық білгіңіз келсе, Microsoft жарнамалау қызметінің жеке ақпарат туралы мәлімдемесін қараңыз.
Біз сондай-ақ үшінші жақ жарнамалsқ компанияларға және жарнамалық желілерге біздің веб торабымызда жарнама көрсету мүмкіндігін ұсынамыз. Кейбір жағдайларда осы үшінші жақтар да сіздің компьютеріңізге куки орнатуы мүмкін. Бұл компаниялар тізімі төменде көрсетілген тізіммен шектелмейді: 24/7 Real Media, adblade, AdConion, AdFusion, Advertising.com, AppNexus, Bane Media, Brand.net, CasaleMedia, Collective Media, InMobi, Interclick, Jumptap, Millennial Media, nugg.adAG, Mobclix, Mojiva, SpecificMedia, Tribal Fusion, ValueClick, Where.com, Yahoo!, YuMe, Zumobi. Бұл компаниялар сізге кукилерге негізделген жарнамалардан бас тарту жолдарын ұсынуы мүмкін. Жоғарыдағы тізімнен компаниялардың атауын басып, олардың веб тораптарына апаратын сілтемелер арқылы көбірек ақпарат алуыңызға болады. Олардың көбі Желілік жарнама бастамасы немесе Сандық жарнамалау бірлестігі ұйымдарының мүшесі болып табылады, олардың әр қайсысы жарнамадан бас тартудың қарапайым жолдарын қамтамасыз етеді.
Microsoft тораптары мен қызметтерінен жіберілетін жарнамалық хаттарды сол хаттарда берілген нұсқауларды орындау арқылы тоқтатуыңызға болады Қызмет түріне байланысты, қандай да бір Microsoft торабы немесе қызметі туралы жарнамалық хаттар, телефон соғулар және жәй хаттар алуға қатысты таңдауларыңызды белсенді түрде өзгерте аласыз.
Бізден жарнамалық хат алсаңыз және ондай хаттарды алуды тоқтатқыңыз келсе, сол хатта берілген нұсқауларды орындап, солай жасауыңызға болады.
Қызмет түріне байланысты, қандай да бір Microsoft торабы немесе қызметі туралы жарнамалық хаттар, телефон соғулар және жәй хаттар алуға қатысты таңдауларыңызды белсенді түрде өзгерту үшін, келесі парақтарға тіркелуіңізге болады:
Бұл қалаулар желілік жарнама көрсетуге қатысты емес: ол туралы ақпарратты "Жарнама көрсету (бас тарту)" бөлімінен қараңыз. Бұл қалаулар кейбір Microsoft қызметтерінің міндетті болып саналатын қызмет байланыстарына да қатысты емес, олар өзіңіз бас тартпасаңыз, мерзімді түрде жеткізіліп тұрады.
Орынға негізделген қызметті немесе мүмкіндікті пайдаланған кезде қол жетімді ұялы мұнара деректері, Wi-Fi деректері және GPS деректері Microsoft корпорациясына жіберілуі мүмкін. Microsoft корпорациясы орын туралы ақпаратты сіз сұраған қызметтерді көрсету, пайдалану мүмкіндігін даралау және Microsoft өнімдері мен қызметтерін жетілдіру үшін пайдаланады.
Кейбір қызметтер сізге орын туралы ақпаратты Microsoft корпорациясына жіберу немесе басқаларға қол жетімді ету мүмкіндігін беруі мүмкін. Кейбір жағдайларда орын туралы ақпарат қызмет үшін маңызды болады және орын туралы ақпарат жіберілуін тоқтату үшін мүмкіндікті жою немесе қызметті тоқтату талап етілуі мүмкін. Орын мүмкіндіктерін өшіру әдісі туралы ақпарат алу үшін құрылғымен бірге жеткізілген құжаттаманы қараңыз.
Қолдау қызметі туралы деректер дегеніміз қолдау оқиғасына байланысты қатты дискі, бағдарламалық жасақтама және басқа да мәліметтерді қамтитын қолдау сұрауын жіберу немесе автоматты түрде ақауларды жою құралын іске қосқанда жинайтын ақпарат болып табылады, мысалы: контакт немесе аутентификация туралы ақпарат, сөйлесу сеансын даралау, құралдың күйі туралы ақпарат және ақаулық пайда болғанда және диагностика кезіндегі мәлімдеме, бағдарламалық жасақтама орнатулары мен қатты диск конфигурациялары туралы тізбе деректері және қателері бар файлдар. Осы құпиялылық мәлімдемесінде сипатталғандай біз анықтама деректерін пайдаланамыз және сонымен қатар, оны қолдау оқиғасын шешу үшін және оқу мақсаттары үшін пайдаланамыз.
Қолдау телефон, электрондық пошта немесе онлайн сөйлесу арқылы жүзеге асады. Жұмыс үстеліңізді уақытша басқару үшін сіздің рұқсатыңызбен Қашықтан кіру (ҚК) мүмкіндігін пайдалана аламыз. Телефон сөйлесулері, онлайн сөйлесу сессиялары немесе қолдау көрсететін кәсіби мамандары бар қашықтан кіру сессиялары жазыла алады және/немесе басқарыла алады. Қашықтан басқару үшін сіз, сонымен қатар, сессиядан кейін жазбаға кіре аласыз. Онлайн сөйлесу немесе қашықтан кіру үшін қалаған уақытыңызда сессияны аяқтай аласыз.
Қолдау оқиғасынан кейін біз сізге тәжірибеңіз бен ұсыныстарыңыз туралы сауалыңызды жібере аламыз. Қолдау көрсету қызметіне хабарласып немесе электрондық пошта төменгі деректеме көмегімен Microsoft корпорациясы ұсынған басқа байланыстардан қолдау көрсету сауалдарын бөлек таңдауыңыз қажет.
Қолдау көрсету қызметіміз арқылы алынған жеке ақпаратты алдын ала қарау үшін немесе өңдеу үшін бізге Веб формасы көмегімен хабарласыңыз.
Кейбір бизнес тұтынушылары жақсартылған қолдау қызметінің ұсыныстарын сатып ала алады (мысалы, Premier , т.б.). Бұл ұсыныстар өздерінің жеке келісім шарттарын және ескертулерін қамтиды.
Төлем деректері – желіде сатып алған кезде берілетін ақпарат. Бұған төлем құралының нөмірін (мысалы, несие картасы, PayPal), атыңыз бен есеп-шот жіберу мекенжайы және төлем құралымен байланысты қауіпсіздік коды (мысалы, CSV немесе CVV) жатуы мүмкін. Бұл бөлім төлем туралы ақпаратты жинауға және пайдалануға қатысты қосымша мәліметтерді береді.
Төлем деректері транзакцияны орындау, әрі алаяқтықты анықтау және оның алдын алу үшін пайдаланылады. Осындай пайдалануға қолдау ретінде Microsoft корпорациясы төлем деректерін төлем транзакцияларын немесе өзге қаржылық қызметтерді өңдейтін банктермен және өзге заңды тұлғалармен алаяқтықтың алдын алу және несие тәуекелін азайту мақсатында бөлісуі мүмкін.
Microsoft немесе ұйым тіркелгісімен кірген кезде төлем деректерін берген кезде болашақ транзакцияларды орындау мақсатында осы деректерді сақтаймыз.
https://commerce.microsoft.com торабына кіріп, Microsoft тіркелгісімен байланысты төлем құралы туралы ақпаратты жаңартуға немесе алып тастауға болады. Тұтынушыға қолдау көрсету тобына хабарласып, ұйым тіркелгісімен байланысты төлем құралы туралы ақпаратты алып тастауға болады. Дегенмен, тіркелгіні жапқаннан немесе төлем құралын алып тастағаннан кейін Microsoft корпорациясының құқықтық және есеп беру талаптарына сәйкес және алаяқтықты анықтау мен алдын алу мақсатында Microsoft корпорациясы ағымдағы транзакцияны орындау үшін тиісті мерзім ішінде төлем құралы деректерін сақтай алады.
Microsoft шоты (бұрын Windows Live жеке анықтағышы және Microsoft кілтсөзі деп аталған) - Microsoft өнімдері, веб тораптары және қызметтеріне, сондай-ақ таңдаулы Microsoft серіктестерінің тораптарына ену мүмкінідігін беретін қызмет. Microsoft шотын ашқанда сіз өзіңіз туралы ақпарат қамтамасыз етуіңіз қажет болады. Microsoft account шотыңызды пайдаланып торапқа енгенде немесе қызметті қолданғанда, біз торап немесе қызмет атынан сздің жеке басыңызыд анықтау үшін, сізді шотты қауіпсіз қолдануыңызды қамтамасыз ету үшін және Microsoft шотының тиімділігі мен қауіпсіздігін қорғау үшін сіз туралы ақпарат жинаймыз. Біз бұл ақпаратты сіз Microsoft шотын қолданып жазылған тораптар немесе қызметтерге де жібереміз.
Microsoft шоты туралы қосымша ақпаратты көру үшін, Microsoft шотын ашу және қолдану туралы, шот ақпаратын өзгерту жайлы ақпаратты, біздің Microsoft шотына қатысты ақпаратты жинау және қолдану туралы ақпаратымызды көру үшін Толығырақ сілтемесін басыңыз.
Microsoft шоты (бұрын Windows Live жеке анықтағышы және Microsoft кілтсөзі деп аталған) - Microsoft өнімдері, веб тораптары және қызметтеріне, сондай-ақ таңдаулы Microsoft серіктестерінің тораптарына ену мүмкінідігін беретін қызмет. Бұған келесі өнімдер, веб-тораптар мен қызметтер кіреді:
Microsoft account шотын ашу
Microsoft шотын мына жерге электрондық поштаңызды, кілтсөзіңізді және қосымша пошта, телефон нөмірі және құпия сұраққа жауап сияқты басқа шот растамаларын енгізу арқылы ашуыңызға болады. Біз сіздің шот растамаларыңызды қауіпсіздік мақсатында ғана, мысалы, сіз Microsoft шотыңызға ене алмаған жағдайда немесе Microsoft шотыңызға қатысты электрондық поштаңызды аша алмаған жағдайда кілсөзіңізді ауыстыру қажет болғанда қолданамыз. Кейбір қызметтер қосымша қауіпсіздік шараларын талап етеді, ондай жағдайда қосымша қауіпсізідк кілтін жасау қажет болады. Microsoft шотына ену үшін қолданылатын электрондық пошта мен кілтсөз біздің желіге ену үшін қажетті растамаларыңыз болып табылады. Сізгі 64-биттік дара жеке анықтағыш нөмірі тағайындалады, және ол сіздің растамаларыңызды және оған қатысты ақпаратты анықтау үшін қолданылады.
Microsoft шотын ашқанда, біз сізден келесі демографиялық ақпаратты талап етеміз: жыныс, ел, туған күн және индекс. Туған күнді балалардың ата-аналарынан немесе басқа жауапты ересектерден Microsoft шотын қолдануға рұқсаты бар екенін растау үшін қолданамыз, ол заңға сәйкес талап. Оған қоса, бұл демографилық ақпарат ғаламтор жарнама жүйесі сізге пайдалы болуы мүмкін өнімдер мен қызметтер жарнамасын қамтамасыз ету үшін қолданылады, бірақ жарнама жүйелеріне сіздің аты-жөніңіз берілмейді. Басқа сөзбен айтқенда, біздің жарнама жүйелеріміз сіздің жеке басыңызды анықтайтын (атыңыз, поштаңыз, телефон нөміріңіз сияқты) ешқандай ақпарат қолданбайды. Егер сіз арнайы жарнама алғыңыз келмесе, өз қалауларыңызды Microsoft шотын қолданып, мына бетте тіркеңіз, сонда Microsoft шотын қолданып, веб тораптар мен қызметтерге енгенде, сізге арнайы жарнама көрсетілмейді. Мicrosoft жарнамалау қызметі ақпаратты қалай жинап, қалай қолданатыны туралы толығырық білгіңіз келсе, Microsoft жарнамалау қызметінің жеке ақпарат туралы қосымшасын қараңыз.
Microsoft шотына тіркелгенде, Microsoft жабдықтаған (live.com, hotmail.com, немесе msn.com) немесе үшінші жақ жабдықтаған эл. поштаны (gmail.com немесе yahoo.com) қолдануыңызға болады.
Microsoft шотын ашқанда сіздің поштаңызға Microsoft шотына жалғанған поштаның иесі сіз екеніңізді растау туралы өтінішін жібереміз. Бұл поштаны растайды және поштаны иесінің рұқсатынсыз қолданудан сақтауға көмектеседі. Содан кейін, бұл поштаны біз сізбен Microsoft өнімдерін хақында хабарласу үшін қолданамыз және заң аясында Microsoft өнімдері мен қызметтерін жарнамалайтын хаттар жіберу үшін қолданамыз. Жарнамалық хаттарды қабылдауға қатысты ақпаратты Байланыстар бөлімінен қараңыз.
Егер Microsoft шотына тіркелу кезінде сіздің поштаңыз немесе қолданушы атауыңызды қолданып басқа адам шот ашып қойса, бізге хабарласып, ол адамның басқа қолданушы атауын қолдануын және сізге өз поштаңызды қолданып шот ашу мүмкіндігін беру туралы өтініш жіберуіңізге болады.
Microsoft шотын қолданып, бағдарламалар, тораптар немесе қызметерге тіркелу.
Microsoft account шотыңызды пайдаланып торапқа енгенде немесе қызметті қолданғанда, біз торап немесе қызмет атынан сздің жеке басыңызыд анықтау үшін, сізді шотты қауіпсіз қолдануыңызды қамтамасыз ету үшін және Microsoft шотының тиімділігі мен қауіпсіздігін қорғау үшін сіз туралы ақпарат жинаймыз. Мысалы, сіз тіркелгенде, Microsoft шот қызметі сіздің деректеріңізді және 64-биттік дара анықтағыш нөмірі, сіздің IP мекен- жайыңыз, сіздің браузер нұсқаңыз, уақыты және күні сияқты басқа ақпаратты қабылдап, тіркейді. Егер сіз Microsoft шотын құрал немесе бағдарламаға тіркелу үшін қолдансаңыз, құралға бөлек жеке анықтағыш тағайындалады және Microsoft шоты арқылы торапқа немесе қызметке тіркелгенд, сіз туралы қосымша ақпарат ретінде Microsoft штына жіберіледі. Microsoft шот қызметі келесі ақпаратты сіз жазылған тораптар мен қызметтерге жібереді: тораптар мен қызметтерге әр тіркелген сайын сіздің сол адам екеніңізді бақылау мүмкіндігін беретін дара ID нөмірі; шотыңызға тағайындалған нұсқа нөмірі (тіркелу ақпаратын өзгерткен сайын жаңа нөмір беріліп отырады); электрондық поштаның расталуын; шоттың іске қосылғанын.
Кейбір үшінші жақ тораптар Microsoft шоты арқылы тіркелгенде сіздің поштаңызды сізге қызмет көрсету үшін сұрайды. Ондай жағдайда, Microsoft сіздің поштаңызды қамтамсыз етеді, бірақ торап немесе қызмет кілтсөзін бермейді. Бірақ, егер растамаларыңыз торап немесе қызмет арқылы жасалса, бұл сіздің растамаларыңызға қатысты ақпаратқа жетімділікті шектейді, мысалы кілтсөзіңізді өзгерту немесе басқа қолдау қызметтерін көрсету үшін.
Ешер шотты үшінші жақтан, мысалы мектеп, бизнес немесе ғаламтор жабдықтағыш, немесе домен басқаратын әкімшіден алсаңыз, сол үшінші жақтың сіздің кілтсөзіңізді өзгерту, шотты немесе деректерді қарау, шот мазмұнын оқу немес шотты жабу құқы болады. Мұндай жағдайда Microsoft қызмет келісімшарты және үшінші жақтың қосымша шарттарына тәуелді боласыз. Егер сіз доменнің әкімшісі болсаңыз және Microsoft шотын қолданушыларға ұсынсаңыз, сол шоттағы барлық әрекеттерге сіз жауапты боласыз.
Есіңізде болсын, Microsoft шоты арқылы тіркелуге рұқсат берген тораптар сіздің поштаңызды және сіз берген басқа деректерді өздерінің жекелік туралы мәлімдемесіне сәйкес қолдана алады. Бірақ, олар Microsoft шот қызметі тағайындаған еке анықтағышты тек қана сіз жасаған транзакцияға ғана байланысты бөлісе алады. Microsoft шотын қолданатын барлық тораптардан жекелік мәлімдемесін жариялау талап етіледі, бірақ біз олардың жекелік туралы мәлімдемесін басқара алмаймыз және олар әр түрдлі болады. Тіркелген әр тораптың жеке ақпарат туралы мәлімдемесін жеке ақпаратты қалай қолданатынын білу үшін мұқият оқып шығу керек.
Өзіңіздің жеке ақпаратыңызды шот бөлімінен көруіңізге болады. Егер Microsoft шотыңыз басқарылатын доменге жатпаса, қолданушы атауыңызды өзгертуге болады. Кілтсөз, электрондық пошта, телефон нөмірі және құпия сөз бен жауабыңызды өзгертуге болпады. Microsoft шотын шот, одан кейін "шотыңызды жабыңыз" қызметі арқылы жабуға болады. Егер шотыңыз басқарылатын доменде болса, шотты жабу үшін басқа қадамдар қажет болуы мүмкін. Есіңізде болсын, егер MSN немесе Windows Live қолданушысы болсаңыз, шотты ашу үшін сіз сол тораптарға бағытталуыңыз мүмкін.
Microsoft шоты туралы ақпараттыMicrosoft шот веб торабынан қараңыз.
Қосымша ақпарат алу
Төменде маңызды деп есептеуіңіз (немесе есептемеуіңіз) мүмкін қосымша құпиялылық туралы ақпаратты табасыз. Осылардың көбісі сіздің білуіңіз керек, бірақ әрбір құпиялылық туралы мәлімдемеде бөлектеудің қажеті жоқ жалпы әдістерді сипаттайды. Ал кейбіреулері анық нәрсені білдіреді (мысалы, заңнама талап еткен кезде біздің мәліметтерді жария етуіміз), бірақ заңгерлеріміз оны бәрібір айтқызып отыр. Бұл ақпараттың әдістеріміздің толық сипаттамасы емес екенін есте сақтаңыз - бұл әрбір пайдаланылатын Microsoft өнімі және қызметінің құпиялылық туралы мәлімдемелерінде қамтылған өзге, нақтырақ ақпаратты толықтырады.
Бұл парақта:
Жеке мәліметтерді ортақ пайдалану немесе жария ету
Пайдаланылатын өнімнің немесе қызметтің құпиялылық туралы мәлімдемесінде сипатталған ортақ пайдалануға қоса, Microsoft корпорациясы жеке мәліметтермен бөлісе немесе жария ете алады:
Біз әрі жеке мәліметтерді бөлісе немесе жария ете аламыз, соның ішінде байланысыңыздың мазмұны:
Тораптарымыз құпиялылық әдістері Microsoft корпорациясының әдістерінен өзгеше болуы мүмкін үшінші тарап тораптарына сілтемелер қамтуы мүмкін екенін ескеріңіз. Егер жеке мәліметтерді осы тораптардың біреуіне тапсырсаңыз, мәліметтер осы тораптардың құпиялылық туралы мәлімдемелерімен реттеледі. Біз кірген тораптың құпиялылық туралы мәлімдемесін қарап шығуды сұраймыз.
Жеке мәліметтер қауіпсіздігін қорғау
Microsoft корпорациясы жеке мәліметтер қауіпсіздігін сақтауды басты назарда ұстайды. Біз жеке мәліметтерді рұқсатсыз қатынастан, пайдаланудан немесе жария етуден қорғау үшін әр түрлі қауіпсіздік технологияларын және рәсімдерін пайдаланамыз. Мысалы, сіз беретін жеке мәліметтерді қатынасы шектеулі компьютер жүйелерінде және бақыланатын нысандарда сақтаймыз. Өте құпия мәліметтер (мысалы, несиелік карта нөмірі немесе құпия сөз) Интернет арқылы жіберілген кезде Secure Socket Layer (SSL) протоколы сияқты шифрлауды пайдалану арқылы қорғаймыз.
Егер тіркелгілерді және жеке мәліметтерді қорғау үшін құпия сөз пайдаланылса, құпия сөзді құпия түрде сақтауға өзіңіз жауапты боласыз. Онымен бөліспеңіз. Егер компьютерді ортақ пайдалансаңыз, мәліметтерге қатынасты кейінгі пайдаланушылардан қорғау үшін тораптан немесе қызметтен шықпас бұрын жүйеден үнемі шығу қажет.
Мәліметтерді сақтау және өңдеу орны
Microsoft тораптарында және қызметтерінде жиналатын жеке мәліметтер Microsoft немесе еншілес ұйымдарының, бөлімшелерінің немесе қызмет жеткізушілерінің нысандары орналасқан Құрама Штаттарда немесе өзге елде жиналуы және өңделуі мүмкін. Microsoft корпорациясы АҚШ Сауда Министрлігінің Еуропа Экономикалық Аймағынан және Швейцариядан деректерді жинауға, пайдалануға және сақтап қалуға қатысты белгілеген АҚШ-ЕО қауіпсіз аймағы және АҚШ-Швейцария қауіпсіз аймағы негіздерін ұстанады. Қауіпсіз аймақ бағдарламасы туралы қосымша ақпарат алу және куәлікті қарау үшін http://www.export.gov/safeharbor/ торабына кіріңіз.
Microsoft корпорациясының Қауіпсіз аймақ бағдарламасына қатысу аясында біз, саясаттарымыз бен әдістерімізге қатысты сіздің дауларыңызды шешу үшін, TRUSTe, тәуелсіз үшінші тарапты пайдаланамыз. Егер TRUSTe хабарласқыңыз келсе, https://feedback-form.truste.com/watchdog/request торабына кіріңіз.
Microsoft корпорациясы жеке мәліметтерді түрлі себептермен сақтап қала алады, соның ішінде заң міндеттемелерін орындау, дауларды шешу, келісімдер шарттарын қамтамасыз ету және қызметтер көрсету қажеттілігі үшін. Жеке мәліметтерге қатынасу әдісін анықтау үшін Өз ақпаратыңызға қол жетімділік.
Құпиялылық туралы мәлімдемелерге өзгерістер
Біз тұтынушы пікірлерін және қызметтерге енгізілген өзгерістерді ескеру үшін құпиялылық туралы мәлімдемелерді мерзімді түрде жаңартып отырамыз. Мәлімдемеге өзгерістер орналастырған кезде біз мәлімдеменің үстіндегі "соңғы жаңартылған" күнін түзетеміз. Егер мәлімдемеге немесе Microsoft корпорациясының жеке мәліметтерді пайдалану әдісіне едәуір өзгерістер енгізілсе, өзгерістер күшіне енбей тұрып олар туралы ескертуді көрінетіндей орналастырып немесе тікелей сізге хабарландыру жіберіп, сізді құлағдар етеміз. Microsoft корпорациясының мәліметтерді қорғау әдісін анықтау үшін пайдаланатын өнімдердің және қызметтердің құпиялылық туралы мәлімдемелерін мерзімді түрде қарап шығып отыруды сұраймыз.
Бізбен байланысу
Microsoft Privacy, Microsoft Corporation, One Microsoft Way, Redmond, Washington 98052 USA
Еліңіздегі немесе аймағыңыздағы Microsoft бөлімшесін табу үшін http://www.microsoft.com/worldwide/ торабын қараңыз.
FTC жекелік бастамасы
Ішкі қауіпсіздік
Trustworthy Computing